Павлодарлық кәсіпкерлер заңсыз жолмен майнингтен 100 млн теңге пайда тапқан

Nur-Altay Umirzak

Криптавалюта өңірдегі индустриялық аймақтағы цехта жасырын өндірілген

Сурет: gov.kz

Павлодарда кәсіпкерлер заңсыз жолмен майнингтен 100 млн теңге пайда тапқан, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы өңірлік экономикалық тергеу департаменті жариялады.

“Индустриялық аймақтағы цехта криптовалюта өндірілген.Одан кәсіпкер 39 млн теңге таза пайда көрген. Басқа кәсіпкер криптоәмиян арқылы тауарды сатудан түскен пайданы қолма-қол ақшаға айналдырып, 60 млн теңге көлденең қаржы тапқан”, – делінген Тергеу департаменті хабарламасында.

Кәсіпкерлердің майнинг жабдықтары тәркіленіп, іс сотқа жіберілген.