ForteBank-тің POS-терминалы кәсіпкерлерге сатылымды арттыруға қалай көмектеседі

Nur-Altay Umirzak

Банк клиенттері үшін қосымша артықшылықтар мен мүмкіндіктер ұсынып отыр

ҚР Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес, 2024 жылдың басында Қазақстанда 800 мың шағын және орта бизнес кәсіпорындарында орнатылған 1 миллионнан астам POS-терминал болған. ForteBank басқа ірі банктер сияқты қолма-қол ақшасыз төлемдердің заманауи шешімдерін ұсынады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Forte-нің сауда-саттық эквайрингі өзінің артықшылықтарының арқасында танымал бола бастады.

Forte клиенттері үшін қаржылық операцияларды автоматтандыруға көмектесетін ыңғайлы интерфейсі бар жаңартылған Android POS-терминалдары қолжетімді. Олар бөлшек сауда, HoReCa, білім беру, медицина, автосервис қызметтері және т.б салаларда сұранысқа ие.

ForteBank өзінің POS-терминалдарын пайдаланушыларға оларды кассалық және фискалдық бағдарламалық жасақтамамен біріктіруге мүмкіндік береді, бұл операциялардың ыңғайлылығы мен дәлдігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар бухгалтерлік есеп пен есеп беруді жеңілдетеді. Эквайринг бойынша төлемдер шотқа демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, күн сайын жүзеге асырылады. Бизнес үшін жеңілдіктері бар тарифтер қолжетімді, мысалы, жеке кәсіпкерлер үшін олар Forte карталары бойынша 0,5%, басқа ЕДБ карталары бойынша 0,8% құрайды, сонымен қатар заңды тұлғалар үшін тиімді тарифтер бар.

Сонымен қатар, клиенттерге NFC бар Android смартфондарына арналған FortePOS мобильді қосымшасы қолжетімді, ол карталар, ApplePay, Samsungpay, GooglePay бойынша төлемдерді қабылдауға, сондай-ақ AmanKassa БКМ арқылы төлемдерді фискализациялауға мүмкіндік береді. POS-терминал мен FortePOS-ты кеңсеге бармай-ақ ForteBusiness қосымшасы арқылы немесе банктің сайты арқылы онлайн қосуға болады. Оны бір-ақ күнде рәсімдеуге болады.

Клиенттер үшін қосымша артықшылықтар:

  • 2 млн теңгеге дейін қолма-қол ақшаны тегін ала отырып, бизнес-картаны онлайн-шығару,
  • Теңгемен шот бойынша тегін аударымдар,
  • Онлайн-овердрафт 20 млн теңгеге дейін,
  • ForteMarket-ке тиімді пакеттік тарифтермен қосылу.

Қолма-қол ақшасыз төлемдер тиімділігі неде?

Статистика бойынша, Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз операциялар көлемі 2024 жылдың 10 айында 15,5%-ға өсіп, 132,4 трлн теңгені құрады. POS-терминалдың болуы бизнеске кірісті арттыруға мүмкіндік береді –терминалдарды орнатқан дүкендер қолма-қол ақшасыз төлемді қалайтын клиенттерді тарту арқылы сатылымның 40% өсуін байқауда.

ForteBank-тің POS-терминалдарының айырмашылықтары

Қаражат тіпті мереке және демалыс күндері де қабылданады. Бұл бизнес үшін басты мәселе – ақша түсімінің кешігуінің шешімі болып табылады. Бұған дейін кәсіпкерлер қолма-қол ақшасыз төлемдер жасауға қаражат алу үшін бірнеше күнге созылатын мерекелердің аяқталуын күтуге мәжбүр болатын. Бұл, әсіресе, әр минуты бағаланатын қауырт кезеңдерде өте маңызды. Ал егер бұл Жаңа жыл немесе Наурыз сияқты сүйікті мерекелер болса, онда клиенттер ұзаққа созылған мереке күндерінің әрқайсысында POS-терминалдан өз шотына қаражат алуына мүмкіндік бар.

Кассалық интеграциялар және төлемдерді фискализациялау: кассалық жабдықпен синхрондау есеп жүйесіндегі қателіктер қаупін азайтады, сауда нүктелерінде төлемдерді қабылдауды тездетеді және бұл кассирлер үшін ыңғайлы болмақ.

Қызметкерлерді оқыту – Forte терминалдармен жұмыс істеу бойынша тренингтер өткізеді

Кері байланыс және жақсы жағына өзгерулер: POS-терминалдар және FortePOS жүйелеріндегі мүмкіндіктерді, соның ішінде сату аналитикасы және қолма-қол ақшаны басқаруды үнемі жаңартып отыру. Банк өзгерістер енгізу үшін өз клиенттерінің тілектеріне құлақ асуға әрқашан дайын.

ForteBank сауда эквайрингін ыңғайлы ғана емес, сонымен қатар тиімді ете отырып, кәсіпкерлерге бизнес-процестерді автоматтандыруға, өз жұмысын оңтайландыруға және көп клиенттерді тартуға көмектеседі.

ҚР ҚНРДА № 1.2.29/197/36  лицензиясын 03.02.2020 жылы «ForteBank» АҚ-ға берген.