Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

Qaz365.kz редакциясы

Шешім қабылдауға негіз болған себептер аталды

baq.kz

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,75 пайыз деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

"Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл шешімге Ұлттық банктің жаңартылған болжамдары, деректерді талдау, сондай-ақ инфляция тәуекелдерінің балансын бағалау негіз болды. Геосаяси жағдай мен оның салдарының белгісіздігіне, сондай-ақ азық-түліктің әлемдік бағасының жоғары болуына байланысты сыртқы проинфляциялық факторлар сақталып отыр", - делінген ҰБ хабарламасында.