Үлестерді ресейлік "Ураний Уан Груп" компаниясына береді
Қазақстандағы қомақты үлестерін ресейлік "Ураний Уан Груп" мемлекеттік компаниясына беруге рұқсат берді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі kaztag.kz агенттігіне сілтеме жасап.
«1. Uranium One Netherlands B. V. компаниясына "Қаратау"ЖШС қатысу үлесінің 50% -ын "Ураний Уан Груп" АҚ пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат етілсін. 2. Uranium One Utrecht B. V. компаниясына "Хорасан-U (Хорасан-У) "бірлескен кәсіпорны" ЖШС қатысу үлесінің 30% -ын "Ураний Уан Груп "АҚ пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат етілсін. 3. Uranium One Rotterdam B. V. компаниясына Оңтүстік тау-кен - химия компаниясы "Бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлесінің 70%-ын "Ураний Уан Груп "АҚ пайдасына" иеліктен шығаруға рұқсат етілсін”, - делінген Қазақстан Үкіметінің қаулысында.
Айта кетейік, "Ураний Уан Груп" АҚ Мәскеуде тіркелген және Ресейдің "Росатом" мемлекеттік корпорациясының құрамына кіреді.