"Kaspi банк" акционері Вячеслав Ким "Jusan Bank"-ті сатып алғалы жатыр

Nur-Altay Umirzak

Ол "Jusan Bank" акцияларының 97,5% сатып алуға өтініш берген

Сурет: olympic.kz

“Kaspi.kz”-тің негізгі акционері Вячеслав Ким “Jusan Bank”-ті сатып алатынын растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне “Jusan Bank” акцияларының 97,5% сатып алуға өтініш берген болатынмын. Қадағалаушы мекеме өтінішті қарап шыққан соң, шешім қабылдайды. (Әдетте 50 жұмыс күні ішінде қаралады). Келісімнің “Kaspi.kz”-ке қатысы жоқ”, – деді Вячеслав Ким.

2019 жылы банк “Halyk Bank”-ке сатылып, кейін “First Heartland Securities” тобына қайта сатылды. Қазіргі таңда банкке солар иелік етеді.