Қазақстандық лоукостер FlyArystan Ақтаудан Дубайға тікелей рейстер ашатынын хабарлады
Ұшу сапарлары 29 қарашадан басталады, бастапқы кезеңде – аптасына бір рет (сенбі күндері) аттанады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Қысқы мектеп демалысы кезінде – 16 желтоқсаннан 6 қаңтарға дейін, сондай-ақ көктемгі мерекелерде – 10 наурыздан 24 наурызға дейін сейсенбі күндері қосымша рейстер орындалады. Күндізгі кесте бұл бағытты отбасылық саяхаттар мен мерекелік сапарлар үшін ерекше қолайлы етеді. Ұшу уақыты шамамен үш жарым сағатқа созылады», – деп толықтырды әуе компаниясында.
FlyArystan-ның стандартты тарифіне салмағы 5 келіге дейінгі бір қол жүгін және борттағы кездейсоқ таңдалған орын кіреді. Жаңа бағыттағы билеттер бағасы 62 мың теңгеден басталады.