Kaspi Alaqan: енді адамдар интернетсіз, алақанмен сауда жасай алады

Qaz365.kz редакциясы

Kaspi интернетке қосылмай-ақ төлем жасауға мүмкіндік беретін жаңа технологияны таныстырды

Qaz365.kz

Kaspi интернетке қосылмай-ақ төлем жасауға мүмкіндік беретін жаңа технологияны таныстырды. Бұл туралы компания басшысы Михаил Ломтадзе таныстырылым барысында хабарлады. Жүйені алғаш болып әйгілі қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов сынап көрді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

– Біз бәріміз де интернет жоқ кезде төлем жасау қажет болатын жағдайларға тап болғанбыз. Енді ондай сәттер артта қалды. Барлығы бұрынғыдан да жылдам әрі ыңғайлы орындалады. Болашақ – сіздің қолыңызда, – деді Ломтадзе.

Таныстырылым кезінде ол Шавкатты Kaspi ID арқылы жүйеге қосып, алғашқы болып сауда жасауды ұсынды. Тауардың бағасы символдық түрде 42 мың теңгеден 99 теңгеге дейін төмендетілді.

– Kaspi ID әрдайым қаражатыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қосымша арқылы растап, төлем жасауға болады. Енді тек бір қимылмен төлем жасайтын мүмкіндік бар, – деді Ломтадзе.  

Kaspi өкілдері жаңа қызмет қазақстандықтар үшін төлем жасаудың бұрын-соңды болмаған ыңғайлы әрі сенімді тәсілі болатынын айтты.