Танымал Euromoney журналы FortePremier қызметіне – Қазақстандағы Best Private Bank атағын берді. Бұл марапат FortePremier сегментінің private банкингтегі көшбасшылығын дәлелдейді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Нәтижеге негізделген мәртебе
Соңғы үш жылда FortePremier Қазақстандағы private banking стандарттарын жүйелі түрде жаңғыртып келеді. Банк кәсіпкерлер, бизнес иелері мен қоғамда танымал тұлғаларға арналған қызмет көрсетудің тұтас моделін қалыптастырды. Ол жеке қаржылық сүйемелдеу, инвестициялық кеңес беру, брокерлік және портфельдік шешімдер, сондайақ салық бойынша консалтингті біріктіре отырып, клиенттерге бірыңғай премиум деңгейдегі қызмет тәжірибесін ұсынады.
«Euromoney марапаты – біздің клиенттерге ұсынатын құндылықтарды растайды. Үш жыл қатарынан халықаралық деңгейде үздік атану – біздің дұрыс бағытта екеніміздің дәлелі. Біз қызметті клиенттердің нақты қажеттіліктері мен күткен нәтижелеріне бейімдейміз, мықты сараптамаға және әр клиентке деген шынайы қамқорлыққа сүйенеміз. Біздің мақсатымыз тек жоғары стандарттарға сай болу ғана емес, еліміздегі премиум сервистің жаңа деңгейін қалыптастыру. Бұл жерде сапа, жеке қызмет және сенім ұзақ мерзімді әріптестіктің өзегіне айналады», – дейді басқарушы директор, Chief Premier Banking Officer Замира Сундетова.
FortePremierді халықаралық деңгейде мойындау – Банктің мықты қаржылық нәтижелерінің, стратегияны жүйелі орындаудың және wealth management сегментіндегі позицияны тұрақты нығайтудың нақты көрінісі.
Euromoney сарапшылары FortePremierдің басқарудағы активтерінің сенімді өсімін, жоғары табыс пен клиенттік базасының тұрақты кеңеюін ерекше атап өтті. Осы факторлар яғни advisoryдің жан-жақты сараптамасы мен ауқатты клиенттердің сенімі FortePremierді халықаралық деңгейде мойындауға негіз болды.
Euromoney сыйлығы туралы
Euromoney – жаһандық қаржы индустриясындағы ең беделді сараптамалық басылымдардың бірі. «Awards for Excellence» жыл сайынғы марапаты банктердің қаржылық көрсеткіштерін, клиенттерге қызмет көрсету сапасын, өнімдердің жаңашылдығын және стратегиялық даму деңгейін терең талдау негізінде беріледі. Best Private Bank атағын иелену – банктің жеке капиталды басқаруда сенімді әрі кәсіби әріптес екенін айғақтайтын кешенді халықаралық баға.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020 ж. «ForteBank» АҚ-ға берген N°1.2.29/197/36 лицензиясы