Өңірлердегі мұнай базалары тексеріледі

Qaz365.kz редакциясы

Республика бойынша дизель отынының жалпы қоры 308,56 мың тонна.

Ашық дереккөздерден

Жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын болдырмау үшін өңірлердегі мұнай базалары тексерілмек, деп хабарлайды Qaz365.kz Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен жанар-жағармай нарығындағы жағдай бойынша кеңес өтті.

Жалпы республика бойынша дизель отынының жалпы қоры 308,56 мың тонна болды. Бұл 2023 жылғы 1 қаңтардағы қормен салыстырғанда 59 мың тоннаға артық. Сонымен бірге, кейбір өңірлерде жекелеген жанармай құю бекеттерінде дизельдік отынды сатуға шектеу қойылды.

Сондықтан жанар-жағармайдың ішкі нарығын қамтамасыз ету мақсатында мыналар тапсырылды:

– облыстық штаб жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын туғызбау мақсатында облыстық мұнай базаларына комиссиялық тексеру жүргізу жөнінде шаралар қабылдасын;

– бұзушылық фактілері болған жағдайда, тиісті мемлекеттік органдар нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы немесе үстемдік  әрекеттеріне тексеру жүргізілсін.