«Siri», «Алиса»: әлемдік танымал дыбыстық көмекшілердің қазақша баламасы жасалады

Qaz365.kz редакциясы

«Айсананы» әзірлеу үшін министрлік әлемдік IT компаниялармен келісімге келмек

rspectr.com

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қазақ тілінде сөйлеп, автоматты түрде жауап беретін «Айсана» роботын әзірлемек. Бұл - әлемдік танымал дыбыстық көмекшілердің қазақша баламасына айналады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі 31.kz-ке сілтеме жасап.  

Мұндай өнімдер қолданушылардың ауызша командасы арқылы сайттар мен ақпаратқа жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Пернетақта мен тінтуірді пайдаланбай-ақ жазуға, қоңырау шалуға ақылды үй функцияларын қолдануға көмектеседі. Тіпті адаммен диалог құрғандай әңгімеге айналады.

Тіл саясаты комитетінің хабарлауынша, «Айсана» халықтың қазақ тіліндегі цифрлық сауаттылығын арттырып, қазақтілді тұтынушылардың сұранысын толықтай қанағаттандырады.

«Айсананы» әзірлеу үшін министрлік әлемдік IT компаниялармен келісімге келмек.