Қазақ бизнесмендері жұмыс берушінің міндеттерін бұзбау және жұмыс орындарын сақтап қалу ниетімен жалақы төлеу үшін несие алуға мәжбүр
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жұмысына аудит жүргізу керек екенін айтып, бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бір ғана Теміртау қалалық кәсіпкерлік және қызмет көрсету жұмыскерлері кәсіподағының деректері бойынша, «Арселлор Миттал Теміртау» компаниясы 12 жергілікті кәсіпкерге шамамен 700 миллион теңге қарыз. Шындығында, қазақстандық фирмаларға қатысты берешегі он есе көп. «Арселлор Миттал» жеткізілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемді кешіктіру арқылы отандық бизнес есебінен тегін несиеленудің зиянды тәжірибесін дамытты.
Бірақ қазір бұл компания Үкіметке көптеген шағымдар мен соттарға жүгінгенудің арқасында көптеген жылдар бойы жасап келгендей, қарыздарды өтеу кестесін де қалыптастырған жоқ, – дейді Ерлан Саиров.
Оның айтуынша, қазақ бизнесмендері жұмыс берушінің міндеттерін бұзбау және жұмыс орындарын сақтап қалу ниетімен жалақы төлеу үшін несие алуға мәжбүр. Нәтижесінде мердігерлік ұйымдарда қызметкерлердің жаппай кетуі байқалады.
Лакшми Миттал түрлі «сұр» схемалардың арқасында Қазақстан халқының осынау игілігін еш ауыртпалықсыз, су тегін алғаны белгілі. Барлық қарыздар, оған комбинаттың мүліктік кешенін бергеннен кейін, «Қармет» МАҚ-қа жүктеліп, нәтижесінде көптеген өнім берушілерді 90-шы жылдардағы сияқты «лақтырып кетті». Бүгінгі таңда да тауарлар мен қызметтерді жеткізу саласындағы кәсіпкерлер оқиға қайталанып, адамдар қайтадан түксіз қалады деп алаңдайды, – дейді депутат.
Осыған байланысты ол Бас прокуратураға мынандай ұсыныс жасады:
1. «Арселлор Миттал» жұмысына өнім берушілер алдындағы қарыздарын қасақана төлемеу мәніне аудит жүргізу.
2. Осы компанияның тауарлары мен қызметтерін отандық өнім берушілердің мүдделері үкіметтік деңгейде қорғалуы үшін қажетті іс-шаралар өткізу. Әйтпесе жұмыссыздар қатары толып, әлеуметтік шиеленістің арту қаупі бар.