Табылған мұнай сапасы жоғары екені де айтылды.
Түркияда жаңа мұнай кен орны табылды. Қара алтын қоры елдің оңтүстік-шығысындағы Габар тауында анықталған.
Мұны Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді. Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа кен орнының өндірістік қуаты тәулігіне 100 мың баррельге бағаланып отыр, деп жазады Qaz365.kz.
Табылған мұнай сапасы жоғары екені де айтылды.
Шикізатты мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу ісі қолға алынды.