Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,5%-ға артық
Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүйесі бойынша көмірсутек шикізатын тасымалдау көлемі 2023 жылғы бірінші тоқсанда 16,3 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
“Бұл көрсеткіштер былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,5%-ға артық”, – делінген "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының өндірістік есебінде.
ҚМГ деректері бойынша, есептік кезеңде КҚК бойынша экспортқа жіберілген мұнайдың жалпы көлемінде 3,387 миллион тоннасы ҚМГ үлесіне тиесілі.
КҚК мұнай құбыры жүйесі – мұнайды Каспий өңірінен әлемдік нарықтарға тасымалдаудың аса ірі бағыты.
Ұзындығы 1,5 мың шақырым магистральдық құбыр Батыс Қазақстанның кен орындарын Ресейдің Қара теңіз жағалауымен байланыстырады, онда мұнай КҚК теңіз терминалы арқылы танкерлерге жөнелтіледі. Консорциумның ірі акционерлері қатарында – Ресей ("Транснефть" арқылы), Қазақстан ("ҚазМұнайГаз" арқылы), Chevron, "Лукойл", ExxonMobil, "Роснефть" БК және Shell құрылымдары бар.