7 маусымда елордада қаржы саласындағы ең айтулы іс-шара – «Astana Finance Days-2023» конференциясы өтеді

Qaz365.kz редакциясы

Қаржы әлеміндегі 200-ден астам мықты шетелдік және қазақстандық спикерлер сөз сөйлейді

astanafindays.org

«Астана»  халықаралық қаржы орталығы «Astana Finance Days-2023» (AFD) жыл сайынғы конференциясын өткізеді, биыл іс-шара 7 маусымда өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2018 жылдан бері бұл іс-шара нетворкингке, сондай-ақ жалпы әлемдік және қазақстандық қаржы салаларының өзекті мәселелерін, үрдістері мен мүмкіндіктерін талқылауға арналған платформа ретінде қызмет етіп келеді.

Биыл конференция «Қаржы нарығының алғы шебінде» ұранымен өтеді, мұнда 70-тен астам елден мемлекеттік органдардың өкілдері, қаржы саласының сарапшылары, инвесторлар мен бизнес басшылары бас қосады.  

Сіздерді мыналар күтеді:

- қаржы әлеміндегі 200-ден астам мықты шетелдік және қазақстандық спикерлер;

- халықаралық деңгейдегі сарапшылардың эксклюзивті ақпараты;

- нетворкинг және кәсіби байланыстарды кеңейту мүмкіндігі;

- қаржы саласының трендтері туралы өзекті пікірталастар;

- пайдалы шеберлік сабақтары мен АХҚО-ның жаңа жобалары

Конференцияның демеушілері – Visa, ITS, Freedom Broker, ERG, CICC.

Алдағы өтетін AFD бағдарламасы бес тақырыптық бағыттан тұрады:

  1. «АХҚО өнімдері» бағыты активтерді басқаруды, қорларды басқаруды, инвестициялық резиденттікті, ислам қаржысын және т.б. қоса алғанда, АХҚО ұсынатын қаржылық өнімдер мен қызметтерге арналған.
  2. «Юрисдикция және реттеу» – АХҚО юрисдикциясын практикалық қолдану, оның өңірлік ынтымақтастықтағы рөлі, АХҚО қаржы экожүйесінің тұтастығын қорғау тәсілдері, тәуекелдер мен ережелер, сондай-ақ криптовалюта және комплаенс талаптарына сай болу мәселелері жөнінде.
  3. «Инновациялар және саланың әлеуеті» – финтех, цифрлық активтер, венчурлық капитал сияқты қаржы индустриясының инновациялары мен үрдістері және саланың әлеуетін дамыту туралы.
  4. «Жасыл өсу» – «жасыл» экономиканың төмен көміртекті дамуы мен өсуі үшін орнықты қаржыландырудың жаңа құралдары, сондай-ақ ESG стандарттары бойынша ақпарат ашудың маңыздылығы, көміртекті қаржыландыру тетіктері және төмен көміртекті және әлеуметтік дамуға толыққанды көшуді қамтамасыз ету үшін қажетті басқа да шаралар туралы.
  5.  «Капитал нарықтары» – Қазақстанның макроэкономикалық перспективалары мен инвестициялық мүмкіндіктері, экономикалық тұрақтылықты қолдау және инфляциялық қысымды төмендету жөніндегі саяси шаралар, алдағы IPO және AIX эмитенттері бизнесінің ағымдағы жай-күйі жөнінде.

Сондай ақ Астана халықаралық форумы аясында АХҚО-ның бірқатар негізгі сессиялары өтеді:

  1. Қаржы нарығының алғы шебінде: инновациялар және орнықтылық;
  2. Орта дәліз: Еуразиядағы өзара байланысты нығайту;
  3. Жаңартылатын энергия көздері және көміртегі бейтараптығы контекстіндегі көміртегі нарығының дамуы.

Қаржы саласының сарапшыларын, мемлекеттік органдардың өкілдерін, инвесторлар мен бизнес-көшбасшыларды инвестициялық мүмкіндіктерді зерделеу, нетворкинг және өңірдегі соңғы қаржылық үрдістер мен оқиғалар туралы ақпарат алмасу үшін AFD-2023-ке қатысуға шақырамыз.

Форумға тіркелу үшін https://astanafindays.org/ru/ сілтемесі бойынша өтіңіз.

AFD-2023-ке қатысты сұрақтар жөнінде afd@aifc.kz электрондық пошта мекенжайына хабарласыңыз.