Активтерді қайтару туралы заң: Тимур Құлыбаевтың адамдары дайындағаны рас па

Qaz365.kz редакциясы

Қоғам қайраткері Әкежан Қажыгелдин айтып берді

azh.kz

Активтерді қайтару туралы заң жобасын Тимур Құлыбаевтың адамдары дайындаған ба? Бұл сұраққа Тәуелсіз Қазақстанның екінші премьер-министрі болған, қоғам қайраткері, шетелде тұратын Әкежан Қажыгелдин жауап беруге тырысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Гиперборей» Youtube-арнасында берген сұхбатында ол «Елден заңсыз сатып алынған активтерді қайтару туралы» заң жобасының артында Тимур Құлыбаевтың адамдары тұруы мүмкін екенін жоққа шығармады.

«Жақында Мәжіліске түскен заң жобасының қалай жазылғанын қарасақ, бәрі болуы мүмкін, тапсырысқа ұқсайды. Себебі мен наурызда заңның Бас прокуратура дайындаған нұсқасын көрген едім. Онда, тіпті, арнайы мекеме құрылып, «Атамекен» ұлттық кәсіпкер палатасының басшысы, сол палатаға мүше адамдарды тексеріп, автивтері мен дүние-мүлкін тергеуі керек еді. Бұл нонсенс», –  дейді Әкежан Қажыгелдин. 

Оның айтуынша, Бас прокурордың орынбасары өзінің Швейцариядағы вилласы туралы есеп беруі қажет. 

“Бас прокурордың орынбасары өзінің Женевадағы зәулім үйіне қатысты декларация ұсынып, осы мәселенің бетін ашып алуы керек сияқты. Ол кезінде Тимур Құлыбаевпен көп жерде жұмыс істеген болса, жан-жақты қарап тексеру керек те шығар. Себебі ол экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия төрағасының орынбасары. Сондықтан ол қоғамды шетелдегі вилланы заңды түрде алғанын не дәлелдеуі керек, не сатып жіберіп, ақшаны елге қайтару қажет», - деді саясаткер.