Қажыгелдин активтерді қайтару туралы заңды сынады

Qaz365.kz редакциясы

Ол заң жобасының шикілігін айтып берді

datnews.info

Тәуелсіэ Қазақстанның екінші премьер-министрі болған, қоғам қайраткері Әкежан Қажыгелдин «елден заңсыз сатып алынған активтерді қайтару туралы» заң жобасын сынады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Саясаткер бұл туралы «Гиперборей» Youtube-арнасында берген сұхбатында айтты. 

«Елден заңсыз сатып алынған активтерді қайтару туралы» заң жобасына сәйкес Қазақстанда арнайы ұйым құрылмақ. Ал оның істейтін жұмысы заңсыз қаражат туралы ақпарат жинап, кейін бір заңсыздық тапса, азаматтық іс бойынша сотқа жүгіну болмақ. Бұл жерде әңгіме заңсыз түрде ұрланған активтер туралы болғанымен, жаңа құрылатын мекеме адамдармен қылмыстық емес, азаматтық істер бойынша соттаспақ. Бұл заң жүзінде нонсенс, мұндайды іс жүзінде істеу мүмкін емес», - дейді саясаткер. 

Оның айтуынша, осындай ауқымды істі жүргізу өте қиын, тіпті мүмкін емес көрінеді.

«Мәжіліске өткен заң жобысында «тергеу» деген сөз мүлдем жоқ. Сонда олардың мақсаты - тергеу жүгізу емес, тек ақпарат жинап, сотқа жүгіну. Болды. Мәселен шетелден сондай компания табылды делік. Ол жерде швейцариялық азамат директор. Оны немесе сол компанияны қалай сотқа бересіз, қалай тергейсіз, жалпы қалай жұмыс істейсіз? Бізге оның артында тұрған тұлғалар керек, бар ақпарат соларда. Сондықтан қазіргі күйде заң түк те жұмыс істемейіді», - дейді Қажыгелдин.