Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі мәлімдеді
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5% құрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында мәлімдеді.
«Биылғы бірінші жартыжылдықтың қортындысы бойынша, Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5% құрады. Оның ішінде нақты сектор 4,8%, қызмет көрсеу саласы – 4,9% өсті. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалды. Әсіресе құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс ең жоғары өсуді көрсетті», – деді миинстр.
Оның айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 13%, инвести-циялар ағыны көлік және қоймалауда – 57%, саудада – 32%, ауыл шаруашылығында – 22%, білім беруде – 21,5% сондай-ақ өнеркәсіпте – 10,9%, оның ішінде тау-кен өнеркәсібін-де – 11,4% өсті.
Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Абай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында байқалды.
«Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-мамырда сыртқы сауда тауар ай-налымы 8%-ке өсіп, 55,8 млрд долларды құрады. Экспорт 31,6 млрд долларды құрады. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 3,8%-ке ұлғайып, 10,2 млрд долларға жетті. Тауар-лар импорты 24,2 млрд долларға жетті. Жалпы, оң сауда балансы 7,4 млрд долларға тең», – деді Әлібек Қуантыров.