Қазақстанда жүннің 70% жуығы кәдеге жаратылады
Ақтөбе облысында итальяндық технология бойынша өңделген жүннен тоқылған материалдар өндіріле бастайды, деп хабарлайды qaz365.kz . Бұл жайында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметі жазды.
2022 жылғы 26 қыркүйегінде Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі, «CORMATEX S.r.l.» және «KAZAKH INVEST» ҰҚ» АҚ арасындағы өзара түсіністік туралы тиісті меморандумға қол қойылды.
“Қазіргі уақытта Қазақстанда жүннің 70% жуығы кәдеге жаратылады. Жаңа жобаның ашылуы мультипликативті әсерге ие болады, соның арқасында қазақстандық мал өсірушілер малдың жүні мен терісін сатып, пайда таба алады”, ‒ деп жазды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметі.
Жобаны «KazFeltec» ЖШС қазақстандық компаниясы итальяндық инвестор Cormatex-пен бірлесіп іске асыратын болады. Ол қаржы құюдан басқа кәсіпорынды итальяндық технологиялармен және жабдықтармен қамтамасыз етеді. Жобаның құны 10 млн долларға бағаланады, оның 70% қарыз сомасын құрап отыр.