Лакшми Миттал Үндістаннан әкелген адамдарына күніне 1 миллион теңге жалақы төлеген

Qaz365.kz редакциясы

2020 жылы Балавату Кришнан Наир Биджу 344 миллион теңге алыпты

«АрселорМитталТеміртау» басшысы күніне 1 миллион теңге шамасында жалақы алған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Компания өзінің басқарушысы Палаватху Кришнан Наир Биджуға 2021 жылы 375,9 миллион теңге жалақы төлеген. Мұны айға есептесек, 31,3 миллион, күніне 1 миллион теңге. 2022 жылғы деректер жоқ, компания оларды жай ғана қаржылық есептілік депозитарийінің порталына жүктемеген. Бірақ қаржылық есептер 31 тамызға дейін болуы тиіс болған», – деп жазды Finance.kz Telegram арнасы.

2020 жылы Балавату Кришнан Наир Биджу 344 миллион теңге алыпты. 2019 жылы оның алдындағы басқарушысы Парамжит Сингх Калонға 328 миллион теңге төлеген. 

Сонымен қатар Телеграм-арна 2022 жылдың тамызында берілген соңғы есепке сәйкес 2021 жылы компанияның таза пайдасы 215 миллиард теңге болғанын жазды.