Тимур Құлыбаев Kazenergу компаниясының басшысы қызметінен кетті

Qaz365.kz редакциясы

Ол бұл қызметті 2005 жылдан бері атқарып келді

REUTERS

Қазақстандық кәсіпкер Тимур Құлыбаев Kazenergy қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі қауымдастықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Kazenergy мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы болып Мағзұм Мирзағалиев сайланды.

"Тиісті шешім 8 желтоқсанда Алматыда өткен Kazenergy кеңесінің жеке отырысында қабылданды", – делінген хабарламада.

Kazenergy қауымдастығы мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында 2005 жылғы 2 қарашада құрылды.

Тимур Құлыбаев 2005 жылдың қарашасынан бері Kazenergy Қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдары қауымдастығының төрағасы қызметін атқарды.

Қауымдастық мұнай-газ, электр энергетикасы және атом өнеркәсібінде қызмет ететін 59 компанияны біріктірді. Kazenergy қызметінің мақсаты – әлемде және ҚР-да энергетикалық және экологиялық саясаттағы өзгермелі басымдықтар жағдайында ҚР энергетикалық (мұнай-газ және электр энергетикасы) саласының тұрақты және теңгерімді дамуына жәрдемдесу.

Қауымдастық төрағасының қызметі ерікті негізде және оған ақы төленбейді.