Үкімет қайда қарап отыр? Өзбекстаннан қалып қойдық - депутат

Qaz365.kz редакциясы

Ол еліміз астықты шикізат күйінде шығарудың зардабын тартып жатқанын айтты

parlam.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты Асқар Садықов ұлттық арнадағы «Ашық алаң» бағдарламасында еліміз астықты шикізат күйінде шығарудың зардабын тартып жатқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Осы күні Өзбекстаннан қалып қойып жатырмыз. Астығымызды Өзбекстанға апарып, сол жақта диірменнен өткізіп жүрміз. Сондықтан Ауғанстан, Пәкістандағы тұтынушыларымызды жауып тастап жатыр. Үкімет қайда қарап отыр? Неге алдын алмайды? Кәсіпкерлерді қолдау керек қой. Астықты сыртқа шығарудың мемлекеттік пошлинасын көбейтсе, амал жоқ ұн алады. Бізде астық бар. Оны шикізат түрінде жөнелтеміз. 100 мың тонналап шіріп жатыр. Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерге қорғау қажет. Көбісі есебін тапсыра алмай қалады. Өйткені интернет, анау-мынау уақытында істемей қалады. Бағдат Мусин Токиодан асып кеттік дейді. Мұғалімдер интернеттің жылдамдығы төмендігінен күнделіктерін толтыра алмай отыр», – дейді Асқар Садықов.