Құтырған сатушылар аспаннан жерге түскен жыл!
Автожурналист Олжас Оқас 2024 жылы Қазақстанда көлік бағасы арзандайтынын айтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
– Құтырған сатушылар аспаннан жерге түскен жыл! 2023 жылы автонарық толықтай қалпына келді. Елімізде авторитейл 60 пайызға өсті. Бұл жаңа рекорд! Қазақстанда ешқашан мұнша машина сатылмаған. Биыл мемлекетімізде 200 мың жаңа көлік иесін тапты. Сатылған әрбір үшінші автомобиль Қытай маркасы. Жаңа брендтер қаптады. Соның арқасында бәсеке артқан. Тұтынушы диллерден жеңілдік талап етеді. Тиімді қаржылық бағдарламалар керек. Қара да тұр, көктемге дейін керемет акциялар болады. Өйткені толып тұр! Сатылмаған машиналар көп. Пандемияда бағасы 28 млн теңгеге дейін жеткен «Камридің» «көңіл күйі түсіп кетті», – дейді автожурналист өз сөзінде.
Олжас Оқас нақты статистика келтіріп, елде жеңіл көліктің орташа құны 2,3 пайызға төмендегенін айтады. Яғни орта есеппен ел азаматы автокөлікті 14 810 000 теңгеге сатып ала алады. Әдеттегідей, сұраныстағы маркалар қатарында «Хендай» мен «Шевроле», «Киа» көш бастап тұр. «Чери» мен «Тойота» оларды өкшелеп келеді.