Қазақстанда мораторий аяқталды: Тексерілетін компаниялардың тізімі шықты

Qaz365.kz редакциясы

Кәсіпкерлікті тексеруге енгізілген мораторий аяқталды

Фото: gov.kz

Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан басталған кәсіпкерлікті тексеруге енгізілген мораторий аяқталды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасында тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалауға мораторий енгізу туралы» Жарлығының мерзімі  2024 жылдың 1 қаңтарында аяқталды.

Бастапқыда мораторий 2023 жылғы қаңтарда аяқталады деп жоспарланған. Алайда былтыр Президент оның мерзімін тағы бір жылға ұзартты.

Осылайша шағын бизнесті тексеруге мораторий 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап аяқталды.

Биылдан бастап бизнесті тексеруге адам қатыспайды. Өйткені елімізде тәуекелдерді басқару жүйесі автоматтандырылады. Нәтижесінде бизнесті жоспарлы тексеру 2 есе және айыппұлдар саны бірнеше есе азаяды деп күтілуде.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 760 кәсіпорынды кешенді салықтық тексеру күтіп тұр.

2024 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасындағы салықтық тексерулер өтетін кәсіпорындардың тізімін мына жерден жүктеп алуға болады. 

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының 2024 жылғы бірінші жартыжылдыққа салық түсімдерін және басқа да міндетті төлемдерді қамтамасыз ету саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімді салықтық тексерулер жүргізу кестесі белгіленді. Оның аясында бюджет, әлеуметтік төлемдерді аударуы мен оны уақытылы аударуы тексеріледі»,– делінген тізім сипаттамасында.