Отбасының цифрлық картасының мүмкіншіліктері
2023 жылы 333,2 мыңға жуық адам өтініш берместен жәрдемақы немесе төлем алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
2023 жылы отбасының цифрлық картасы арқылы 843,9 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды.
«Сонымен қатар 64,6 мыңнан астам жұмыссыз азамат жұмыс іздеу, тегін оқудан өту және жұмыспен қамту саласындағы басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алды», – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.
Бүгінде Отбасының цифрлық картасында Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6 миллионнан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.
Қазіргі уақытта ОЦК арқылы өтінішсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік бар.