Әртүрлі жағдайларда туыстарына, достарына ақша аударуға шектеу жоқ
Мемлекеттік кірістер органдары барлық мобильді аударымдарды тексермейді. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оның айтуынша, жеке шоттарына ай сайын қатарынан үш ай бойы 100 және одан да көп тұлғадан мобильді аударымдар түскен тұлғалар бақылауға алынады.
«100-ден астам аударымдар емес, ал 100 және одан да көп тұлғалардан аударым түскендер бақылауға алынады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл – кәсіпкерлік қызметтің белгісі. Әртүрлі жағдайларда туыстарына, достарына және әріптестеріне ақша аударуға шектеулер жоқ», – деді Біржанов.
Ол тек қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жұмыс істейтін адал кәсіпкерлер бақылау саласынан шығарылатынын айтты. Сондай-ақ бизнесті жүргізу және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Салық режимдерінің тәртібі оңайлатылды – салық ставкалары қызмет түріне байланысты тек 1%-дан 4%-ға дейін.