Шығыс Қазақстан облысы 1300 тонна балық өндіруді жоспарлап отыр

Qaz365.kz редакциясы

2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 10 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда

Egemen.kz

Биыл Шығыс Қазақстанда 1300 тоннаға жуық тауарлық балық алу жоспарлануда. Ықтимал сценарий орындалса, тауар көлемі өткен жылдың қорытындысымен салыстырғанда шамамен 2,7 есеге артады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Agronews сайтына сілтеме жасап.

Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасына сәйкес, 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш облыста 10 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл өндірісте балықтың “лосось” деген түрі көп өндірілмек. Шамамен барлық өнімнің 8600 тоннасын балықтың осы түрі құрамақ. Бұл түрмен қатар ципринидтер мен бекіре тұқымдас балықтар да өсіріледі.

Сонымен қатар Өскемендегі ұн комбинатында ципринидтерге арналған жемнің сынама партиялары шығарылды. Мұндай балыққа арналған азық-түлік өнімдері балықшыларға жақсы көмекші болмақ.

Сондай-ақ, табиғи жағдайда балық ресурстарын сақтауға ықпал ету мақсатында табиғи су айдындарындағы балық көлемі бес есеге ұлғайтылды. Бұл Зайсан, Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі су қоймаларына жақсы әсер еткен. Күтілген нәтиже оң әсер берген соң осындай жұмыстар жергілікті су қоймаларында да жүргізілуде.