Қатарлық инвестор екі жыл бойы Астанада жер учаскесі мәселесін шеше алмай келген

Qaz365.kz редакциясы

Инвестордың құйған қаражаты - шамамен 90 млрд теңге

Фото: gov.kz

Synosure компаниясы Катардың инвесторы «Еlegancia Healthcare W.L.L.» бірлесіп елорда аумағында инвестициялық жоба – медициналық хаб құрылысын іске асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, бұл жобаға салынатын инвестицияның жалпы көлемі шамамен 90 млрд теңге. Оны іске асыру 350-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Алайда үшінші тұлғалар арасындағы сот дауына байланысты инвестор 2 жыл бойы жер учаскесінің нақты жоспарын өзгерту мәселесін шеше алмаған.

Прокуратура органдарының көмегімен осы мәселе шешіліп, жобаны іске асыру жалғастырылды.