Биыл 8 наурызда әйелдер 34 мың әйел әлеуметтік төлем алады

Qaz365.kz редакциясы

Біржолғы әлеуметтік төлем беріледі

Фото: ашық дереккөзден

Астанада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне 34 мың әйелге біржолғы әлеуметтік төлем беріледі. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік көмекті елорданың көпбалалы аналары алады.

«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласының көпбалалы отбасыларына, көпбалалы аналарға, оның ішінде тұрмысы төмен аналарға – 34 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (9 230 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді», – делінген хабарламада.

Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде Астанада тіркелген және тұрақты тұратын көпбалалы аналарға беріледі.