Бас прокуратураға арыз жазған еді
Кәсіпкердің Әлия Назарбаеваға жазған арызы Алматы полиция департаментіне жіберілді. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов депутат Ермұрат Бапиге берген жауабында айтылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Н.С. Бимурзин мен М.Г. Қалиевтің Ә.Н. Назарбаеваға және басқаларға қатысты жолданымдары бойынша: аталған адамдардың арыздары 04.03.2024ж. Бас прокуратураның Ақпаратты есепке алу кітабында тіркеліп, қазіргі таңда Алматы қаласы полиция департаментіне жіберілді. Қылмыстық қудалау органы процеске қатысушыларды қабылданған процестік шешім туралы хабардар етеді», - делінген жауапта.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада баспасөз мәслихатын өткізген кәсіпкер Бимурзин «Әлия Назарбаева 170 млн тұратын бизнесімді тартып алды» деп, Бас прокуратураға арыз жазған еді. Бимурзин 20 жыл бұрын активін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева тартып алғанын айтып дабыл қақты.
Нұрлан Бимурзин Әлия Назарбаева мен Конституциялық кеңестің бұрынғы төрағасы Игорь Роговтың әйелі Валентина Рогованың үстінен Бас прокуратураға арыз түсірген. «ТПК Азия» ЖШС басшысы Нұрлан Бимурзиннің айтуынша, 2003 жылы Әлия Назарбаева өз ықпалын пайдалана отырып, құны 170 миллион доллар болатын (2003 жылғы есеп бойынша) жеті мұнай базасы мен 96 жанармай құю бекетін тартып алған.
Оның айтуынша, 2003 жылы Әлия Назарбаева өз ықпалын пайдаланып, құны 170 миллион доллар болатын бизнесті, оның ішінде жеті мұнай базасы мен 96 қылмысты басып алу үшін пайдаланған.