Алматыда соңғы 10 жылда экономиканың рекордтық өсуі байқалды

Qaz365.kz редакциясы

Экономиканың қарқынды дамуы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді

Фото: ашық дереккөзден

2023 жылы Алматы қаласының жалпы өңірлік өнімі нақты мәнде 10,1% ұлғайып, 24,8 трлн. теңге болды, бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Экономиканы дамытудың драйверлері өңдеу өнеркәсібі (+17,5%), сауда (+14,5%), қаржы және сақтандыру қызметі (+12,0%), ақпарат және байланыс (+11,3%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (+6,9%), көлік және қоймалау (+5,7%) болды.

Мегаполис экономикасының дамуы жоғары инвестициялық және іскерлік белсенділікпен қатар жүрді. 2023 жылы Алматы қаласына 1,8 трлн. негізгі капиталға салынған инвестициялар теңгесі 25,3% өсті, бұл ретте жеке инвестиция 35,5% артты. Былтыр шағын және орта бизнес субъектілері 19,3 трлн теңгенің өнім шығарды, нақты өсімі 15,8%. Белсенді жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерінің саны 340,1 мың бірлік, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 16,2% артық. 

Экономиканың қарқынды дамуы жұмыссыздық деңгейін 2022 жылғы 5,0%-дан 2023 жылы 4,8%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Жалпы, Алматы қаласының Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі үлесі 20,6%-ға дейін өсті.