RAMS QAZAQSTAN компаниясы өз қызметін 1997 жылдан бері жүргізіп келеді
Алматыда RAMS QAZAQSTAN құрылыс компаниясы басшыларына баспасөз мәжілісін өткізді. Соңғы кездері аталған компания шетелдік деген ақпарат тараған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Компанияның бас директорының коммерция жөніндегі орынбасары Джем Джиритджи мұны жоққа шығарды.
«Мұның бәрі шындыққа жанаспайды! Біз штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз. RAMS QAZAQSTAN компаниясы өз қызметін 1997 жылдан бері жүргізіп келеді. Компанияға келетін болсақ, оның Қазақстанда құрылғанын атап өткім келеді. RAMS QAZAQSTAN - қазақстандық мекеме. Шетелдік жобалардың барын ескерсек те, біз өзімізді ең алдымен қазақстандық екенімізді ұмытпаймыз. Компанияның бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Біздің компанияда – ең алдымен біздің баға жетпес қызметкерлеріміз! Осы жылдар ішінде шамамен 15 мың жұмыс орнын аштық. Біздің қызметкерлердің басым көпшілігі Қазақстан Республикасының азаматтары», – дейді Джем Джиритджи.
Қазақстан нарығында жұмыс істеген 27 жыл ішінде 4 миллион шаршы метрден астам тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүлік пайдалануға берілген.
«Біздің компанияның негізгі миссияларының бірі – тұрғындарымыздың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау. Осыған байланысты биылғы жылы бизнес-процестердің тиімділігін арттыру мақсатында қайта құрылымдау бойынша тұрақты жұмыс жүргіземіз. Қазақстан аумағында, оның ішінде шетелдік инвестициялар мен шетелдік әріптестерді тарта отырып, ауқымды жобаларды іске асыру бойынша үлкен жоспарларымыз бар. Сондай-ақ біздің компанияның басшылығы тұрақты түрде Қазақстанда екенін атап өткім келеді. Шетелдік сапарлар ағымдағы жұмыс жобаларымен байланысты, себебі олар өздерінің жауапкершілік салаларында бизнес-процестерді басқаруға және бақылауға көп көңіл бөледі», – дейді директордың орынбасары.
Ол RAMS QAZAQSTAN баспана салу бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен тендерлерге қатыспайтынын айтты. Сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік желілерін пайдаланбайтынын және тек қана жеке қаражат тартатынын, жеке тұлғалардан сатып алынған жер учаскелерінде құрылыс жүргізетінін атап өту қажет деп отыр.
«Қамқоршыларымыз» ретінде көрсеткен елдегі танымал фамилиялардың компанияға ешқандай қатысы жоқ екенін де қосқым келеді», – дейді ол.
Ал RAMS QAZAQSTAN компаниясы заң департаментінің басшысы Қуаныш Шынтеміров мынадай маңызды жағдайды нақтылады:
«Біз компаниямызға ешқандай қатысы жоқ адамдардың әлеуметтік желілер арқылы жазып жатқан ақпаратын көрдік, бұл жала жабу және Қазақстан нарығында 27 жылдық тәжірибесі бар компанияның іскерлік беделіне нұқсан келтіру болып табылады. Компанияның қызметі туралы жалған ақпарат таратып жатқан адамдармен біз заң жүзінде диалог жүргізетін боламыз», – дейді Қуаныш Шынтеміров.
Көпшіліктің көкейіндегі сауалдардың бірі – RAMS CITY тұрғын үй кешенінің екінші кезеңін тапсыру мерзімі және оның кешігу себебі. Бұл сұраққа RAMS CITY-дің сату бөлімінің басшысы Александр Федоров жауап берді.
«Осы мәселеге анықтама берейік. Жасалған шарттарға сәйкес нысан биылғы жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде аяқталуы тиіс еді. Алайда, объективті де бізге байланысты емес себептерге байланысты мерзімдер мәжбүрлі түрде ауыстырылған болатын. Бұған дейін бірқатар фактор болды.Бұл - карантиндік режим және карантиннен кейінгі кезең, 2022 жылдың басында болған қаңтар оқиғасы, сондай-ақ көрші елдердегі қиын геосаяси жағдай, соның салдарынан біздің елімізге жабдықтар мен құрылыс материалдарын жеткізу мерзімдеріне әсер еткен логистикалық тізбектің бұзылуы орын алды.Біз тұрғындарымызбен және клиенттерімізбен үнемі байланыстамыз және нысанды пайдалануға жеделдетіп беру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. RAMS CITY тұрғын үй кешенінің екінші кезеңінің бірінші бөлігіндегі пәтерлердің кілттерін беру ағымдағы жылғы төртінші тоқсаннан бастап жоспарланған», – дейді Александр Федоров.
БАҚ өкілдері «Әлеуметтік желілерде NEF UPTOWN жобасы мен NEF компаниясы сөз етілді. Бұған қатысты түсініктеме бере аласыз ба?» – деген сұрақ қойды.
Бұған RAMS QAZAQSTAN компаниясының бас директорының коммерция жөніндегі орынбасары Джем Джиритджи жауап берді.
«2020 жылы NEF Uptown тұрғын үй кешенінің жобасын іске асыру басталды, онда RAMS QAZAQSTAN бас мердігер болды. 2021 жылдың соңында NEF компаниясының құрылтайшылары RAMS QAZAQSTAN-ның қатысуынсыз жобаны өз бетінше жалғастыруға шешім қабылдады. Осыған байланысты жобаны басқару және іске асыру толығымен NEF компаниясының басқаруына өтті, содан кейін NEF және RAMS QAZAQSTAN компаниялары арасындағы шартты заңды түрде бұзу процесі басталды. Бұл ретте, NEF компаниясы заңды түрде (барлық нотариалды куәландырылған құжат, оның ішінде шарттар мен міндеттемелерді бұзу бойынша құжаттардың көшірмелері бар) барлық кредитормен және кредиттік міндеттемелер бойынша есеп айырысуды дербес жүзеге асыруға, сондай-ақ сол кездегі банк алдындағы ағымдағы борыштарды өтеуге және тұрғын үй кешенін уақтылы пайдалануға беруге міндеттенді», – дейді Джем Джиритджи.
Іс жүзінде, 2022 жылдың соңынан бастап RAMS QAZAQSTAN осы жобаға бас мердігер ретінде қатысқан жоқ.
«Алайда, 2024 жылдың басында NEF компаниясы кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін орындай алмайтыны және тыйым салулар мен қамауға алуларға байланысты «Nef Uptown» тұрғын үй кешенін пайдалануға беруге мүмкіндігі жоқ екені белгілі болды, онда жүздеген үлескер өз пәтерлерін алады деп күтеді. Бізге бұл жағдай «Nef Uptown» тұрғын үй кешенінің кейбір тұрғыны, сондай-ақ жобаның мердігерлері ұзақ уақытқа созылған мәселені шешуге көмек сұрап жүгінгеннен кейін белгілі болды. Бізге бұрынғы серіктестерімізден осы уақыт ішінде осы мәселелерге қатысты қарама-қайшы ақпарат келіп түсетін. Олар бізбен байланысқа шықпай, уақытты барынша созып жүрді», – дейді ол.
RAMS QAZAQSTAN компаниясы бұл жағдайда үлескер болумен қатар, зардап шеккен тарап болып шықты, өйткені NEF бірлескен шартты бұзу кезінде келісілген қаржылық міндеттемелерін орындамады.
«Зардап шеккен тарап болып шыққан жекелеген тұлғалар да БАҚ өкілдерін тарта отырып, RAMS QAZAQSTAN компаниясының төңірегінде дүрбелең туғызу арқылы жеке мәселелерін белсенді түрде шешуге тырысуда, дегенмен біздің бұл жобаға мүлдем қатысымыз жоқ», – дейді Джем Джиритджи.
NEF компаниясының айналасында қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін RAMS QAZAQSTAN компаниясы ресурстарды басқарушы компания түрінде қосу туралы шешім қабылдады және бірқатар жұмыстар атқарылды, атап айтқанда: ұзақ уақыт бойы электр энергиясы бойынша берешекті төлеу, қоқыс шығару және іргелес аумақты абаттандыру.