Тендер ұтса да келісім жасаспайды
Жүздеген, тіпті мыңдаған тендер байқауына қатысып, бюджет қаражатын жымқыратын компаниялардың қылмыстық схемасы әшкере болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
“Жүздеген, тіпті мыңдаған тендер байқауына қатыса беретін, ұтпайтын компания болады. Ойда жоқта ұтып жатса келісімшарт жасаспайды. Мұны тендерге қатысушылар өз араларында «ғарышкер компания» деп атайды”, – дейді “Апта” сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы бюджет қаражатын жымқырудың бұдан өзге де құйтырқы схемалары анықталып жатыр.