Іледе кеме қатынасы қайта жандана ма

Qaz365.kz редакциясы

Қытайдан жаңа транзиттік мүмкіндіктерге жол ашады.

Фото: Алматы облысы әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі Эстония Республикасының Қазақстандағы өкілетті елшісі Яап Ораны қарсы алды. Эстония Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды серіктес деп сенеді. Елшінің Алматы облысындағы сапарында ауқымды жобалар, соның ішінде Іле өзенінде кеме қатынасын қалпына келтіру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Елші Эстонияның логистика және транзит саласындағы позициясын айтарлықтай нығайта алатын жерүсті көлік инфрақұрылымын дамытудағы тәжірибесін ұсынуға дайын екенін атап өтті.

 – Бізбен сіздің арамызда  көп  ұқсастық бар.  Сіздердің облыс, аумағы мен халқының саны жағынан Эстониядан сәл үлкен екен, әйтседе  Өңір Эстония сияқты ірі көлік ағындарының торабында орналасқандықтан, біз бұл әлеуетті барынша пайдалануға көмектесе аламыз,- деді Яап Ора.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бұл бастаманы қолдап, Іле өзеніндегі кеме қатынасының жандануы Қытайдан жаңа транзиттік мүмкіндіктерге жол ашатынын баса айтты. 

 – 1956 жылға дейін Іле өзені кеме жүретін өзен ретінде пайдаланылса, қазір бізді Қытаймен су арқылы байланыстыра алатын бұл артерия әрекетсіз.  Эстонияның осы саладағы тәжірибесі бізге көмектесе алады деп ойлаймын және біз ынтымақтастыққа дайынбыз», - деді ол.

Өз кезегінде Яап Ора Эстонияда шағын көлемді кемелерді жасайтын кеме жасау компаниялары бар екенін, қаласа және мүмкін болса, оларды жеткізуге болатынын және Іле өзені бойымен жүк өткізу мәселесін шешудегі өз тәжірбиелерін бөлісетінін айтты.

Сондай-ақ Алатау қаласында көлік-логистика бағытында арнайы экономикалық аймақ құру мәселелері талқыланды. Цифрлық технологиялар саласы да байланыс пен ынтымақтастықтың қызықты нүктесіне айналуы мүмкін, себебі екі ел де бұған үлкен мән береді. 

Алматы облысы халқының 80 пайыздан астамы ауылдық жерлерде тұрады. Осыған байланысты Балтық жағалауы республикаларында қызығушылық тудыратын тағы бір сала – машина жасау және ауыл шаруашылығы техникасы екен. Демек, бұл сала оларда жақсы дамыған және өнімдері біздің жергілікті фермерлер үшін қолайлы болуы мүмкін деген де ұсыныстар айтылды. Біздің өңірдің тағы бір ерекшелігі – оның үлкен туристік әлеуеті және шет елдерден келетін туристерге деген жоғары қызығушылығы. 

Алматы облысының әкімі соңғы жылдары қонақтардың саны айтарлықтай артқанын, бірақ негізінен шығыс жақтан келетінін атап өтті. Соңғы екі жылда қытайлық туристер саны тоғыз есеге өсті.

Тараптар нақты жобалар мен одан әрі ынтымақтастық бағыттарын талқылау үшін екі елдің кәсіпкерлері мен саудагерлерінің кездесулерін ұйымдастыру қажеттігі туралы келісімге келді.