Димаш Құдайберген тағы бір беделді марапатқа ие болды

Qaz365.kz редакциясы

Қоғамдық марапат он номинация бойынша берілді

Фото: ашық дереккөзден

Танымал әнші Димаш Құдайберген төртінші мәрте «Халықтың сүйіктісі» премиясының иегері атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Белгілі болғандай, «Халықтың сүйіктісі-2024» 14-ші ұлттық премия өздерінің қорытындысын шығарды.

«Ең беделді қоғамдық марапат он номинация бойынша берілді. Қазақстан Республикасының Халық әртісі Димаш Құдайберген төртінші рет жылдың Мәдениет қайраткері болып танылды», – делінген Dimash.news хабарламасында.

Лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде 2025 жылдың 16 қаңтарында өтеді.