Алматыда Халық әртісі Ермек Серкебаевтың ескерткіші ашылды

Nur-Altay Umirzak

Ескерткіш Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі ғимаратының алдына орналастырылған

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бүгін Алматыда КСРО мен Қазақстанның халық әртісі Ермек Серкебаевқа ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“16 қаңтарда Алматыда көрнекті опера әншісі, актер, педагог Ермек Серкебаевқа ескерткіш ашылды. Ашылу салтанатына мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, әншінің ағасы Мұрат Серкебаев пен Байғали Серкебаевтың ұлы, сондай-ақ шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты” – делінген министрлік хабарламасында.

Ескерткіш Абылай хан даңғылында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі ғимаратының алдында орналасқан.

«Ермек Серкебаев – сирек кездесетін талант иесі, кәсіби шеберлігі жоғары музыкант. Ол миллиондаған өнер сүйер көрерменнің шынайы махаббатына бөленді. Бүгінгі қазақ операсын Ермек Серкебаевсыз елестету қиын. Оның ғибратты ғұмыры – мәдениетіміздің тарихындағытұтас бір тарау. Көпшілік білмеуі мүмкін, бірақ ол қоғамдық-саяси өмірде де белсенділік танытып, Тәуелсіздігіміздің қалыптасуы мен нығаюына зорүлес қосты. Сонымен қатар, Ермек Бекмұхамедұлыдарынды музыканттар әулетінің негізін қалады. Балалары мен немерелері оның ісін лайықтыжалғастырып, қазақ өнерін әлемнің әр түкпіріндедәріптеуде», – деді Мәдениет және ақпарат министрі.

Әншінің мүсінін Айдос Бүркітбаев, Тимур Ермұхаметов, Ақылбек Орманбеков және Қуаныш Асылбай қоладан жасап шыққан.