Тop-5: Туристер арасында Қазақстанның ең танымал көрікті жерлері аталды

Qaz365.kz редакциясы

2022 жылы ішкі туризм көрсеткіштері бірнеше есе өскен

kapital.kz

2022 жылы Қазақстанға 610 мыңнан астам шетелдік турист келді. Ішкі туризм көрсеткіштері де бірнеше есе өскен. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі саяхатшылар көп барған еліміздің көрікті жерлерінің тізімін жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бесінші орын – Шарын шатқалы. Шалғай жатқанына қарамастан Шарын шатқалы – саяхатшылар көруге құмартатын еліміздегі көрікті орындардың бірі. Өткен жылы бұл алқапты 45 мыңнан астам адам аралаған.

Төртінші орын - Баянауыл. Баянауылға бару бүгінге ел ішінде сәнге айналып келеді. Былтыр ұлттық саябақ аумағында 85 мың турист демалыпты.

Үшінші орын – Көлсай көлдері. Көлсай көлдері де саяхатшылар арасында үлкен сұранысқа ие. Мұнда келген туристердің саны 190 мыңнан асады.

Екінші орын – Бурабай. Отандық туризмнің бойтұмарына айналған Бурабай ұлттық саябағы келушілер саны бойынша да көш басында. Көкшенің көз тоймас көрікті жерлерінде 550 мыңнан астам адам қыдырыпты.

Бірінші орын – Іле Алатауы. Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетінің ақпараты бойынша 2022 жылы туристер арасында ең танымал орын атағын Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағы жеңіп алған. Өткен жылы Іле Алатауының табиғатын 628 мың турист тамашалаған.