Жаңа кітаптар жарық көрді
Жуырда ғана AmalBooks баспасынан екі кітап жарық көрген болатын. Осыған орай, аталған баспасының негізін қалаушы Бақытжан Бұқарбай медиа саласының өкілдерімен жүздесіп қос кітаптың тұсаукесерін өткізді.
«Қазақ халқының тарихы» қазақтардың шығу тарихы жан-жақты әрі көркем түрде әңгімелейді. Қазақ халқы деген ұғымды құрайтын түп-тамыр мен тармақтарды, қазақтың ру-тайпаларын тереңінен сипаттайды. Басты өзегі – әйгілі 1925 жылы жариялаған «Материалы к истории киргиз-казахского народа» еңбегі. Қаншама уақыт өтсе де, бұл құнды дүниенің қазақшаланбағанын байқаған соң қазақшасы да жарық көру керек деген шешімге келдім. Жоба Choco холдингінің жетекшісі Рамиль Мухоряпов мырзаның қолдауымен жүзеге асқанын айта кету керек", - дейді баспагер.
Қазақ тарихына негізделген кітаптар 2021 жылы негізі қаланған «Таза тарих» сериясы аясында ұсынылып отыр. Ең бір ерекшелігі де сол, осыдан тура 100 жыл бұрынғы Мұхаметжан Тынышбайұлының қазақ халқының шығу тегі мен мемлекеттілігінің қалыптасуына арналған еңбегі ана тілімізге тұңғыш рет аударылып, оқырманмен қайта қауышты. Кездесу барысында Бақытжан Бұқарбай екі әдеби жобаның төл тарихымызда алар маңызы мен жарыққа шығу тарихы турасында айтып өтті.
Мұхаметжан Тынышбайұлы (1879-1937) қазақтың көрнекті зиялысы, Түркістан автономиясының бірінші премьер-министрі, зерттеуші-тарихшы. «Қазақ халқының тарихы» қазақтардың шығу тарихы жан-жақты әрі көркем түрде әңгімелейді. Қазақ халқы деген ұғымды құрайтын түп-тамыр мен тармақтарды, қазақтың ру-тайпаларын тереңінен сипаттайды.
– «Қазақ халқының тарихы» және «Семь лет в Казахии» – «Таза тарих» сериясымен жарық көрген үшінші және он төртінші кітаптар. Оның бірі – ХХ ғасырдың 50-жылдарында қазақ даласында жеті жылдай өмір сүрген ағылшын саяхатшыларының туындысы. Бұл кітапта ерлі-зайыпты Аткинсондар Қазақстанның Шығыс өңірінде болған. Лепсіге келіп, Алатау бөктеріне дейін түскен. Олар Қазақстанға жасаған саяхаты кезінде көрген-білген деректерін естелік ретінде жазып қалдырыпты. Әрине, Қазақстанмен ғана шектелмеген, сонымен бірге, олар Сібірді аралаған. Біз авторлардың еңбегінен қазақ халқына қатысты тарауларды іріктеп алып, нәтижесінде жинақ ретінде басып шығардық. Бұл кітаптың ерекшелігі – ағылшын саяхатшылары сол замандағы қазақ даласында мекендеген ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігін өз көзқарасымен баяндайды. Сондай-ақ кітапта қазақ халқының тарихы, этнографиясы, географиясы, мәдениеті жайлы құнды көзқарастар жинақталған. Екінші кітап – қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, тарихшы-ғалым, тұңғыш теміржол инженері Мұхаметжан Тынышбайұлының 1925 жылы орыс тілінде жарияланған зерттеу кітабы. Біз былтыр арада жүз жыл өтсе де бұл кітаптың әлі күнге дейін қазақ тіліне аударылмағанын білдік. Расында, бұл біз үшін жаңалық болды, – деді баспагер өз сөзінде.
Шыны керек, біз кітапты басып шығару алдында тарихшы мамандардың көмегіне жүгіндік. Қазақстан тәуелсіздік алған уақытта Тынышбаев тақырыбын алғаш зерттей бастаған, тіпті әлі күнге дейін зерттеу жұмыстарын жалғастырып келе жатқан Гүлбану Жүгенбаева есімді ғалымды білетін боларсыздар. Ол кісі Тәуелсіз Қазақстанда Тынышбаевқа қатысты тұңғыш диссертация жазған маман. Біз оның еңбегін қазақ тіліне аударып, толыққанды әзірлегеннен кейін Гүлбану ханым өзі бастан-аяқ оқып, қарап шықты. Біз үшін бұл үлкен жауапкершілік болғандықтан, тарихшының мақұлдауынан кейін ғана кітапты баспаға бердік.
Сонымен қатар, баспагерден архивтегі тарихи деректермен жұмыс істеу процесі жайында сұрастырдық. сөз арасында баспагер үлкен деректер қорымен жұмыс істеу үшін архивтерді аралау қомақты қаражатты талап ететінін, дегенмен соған қарамастан заманауи технологиялардың шексіз мүмкіндігін пайдаланатынын, соның ішінде цифрландырылған деректерге сүйенетінін тілге тиек етті.
Кездесу барысында Б. Бұқарбай «Семь лет в Казахии» кітабын алдағы уақытта қазақ тіліне аудару мәселесі жоспарда бар екенін айтты. Сиясы кеуіп үлгермеген жаңа қос шығарма 1500 данамен сатылымға шығыпты.
Назира БУРХАНОВА