Нұрғиса Тілендиевтің жары, актриса Дариға Тілендиева өмірден өтті

Qaz365.kz редакциясы

Суыт хабар

Фото: ашық дереккөзден

Белгілі күйші, сазгер Нұрғиса Тілендиевтің жары, актриса Дариға Тілендиева дүниеден озды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Суыт хабарды Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің баспасөз қызметі жариялады.

“Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, талантты актриса, күйші, сазгер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиеваның өмірден озуына байланысты қайғыра көңіл айтамыз. Дариға Тілендиева ұлттық мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті өнер иесі. Ол Халық қаһарманы, күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің өмірлік жары ғана емес, сазгердің шығармашылық мұрасын сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізген тұлға болды. Дариға Тілендиева "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген "Алты жасар Алпамыс", "Құлагер", "Ақ машина", "Жамбылдың жастық шағы", "Қоштасқым келмейді" сынды көркем фильмдері арқылы, ұлттық кино өнерінде өшпес із қалдырды. Оның өнері мен рухани мұрасы қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталады”, – деп жазды оркестр ұжымы.