Құпия соғыс: 40-шы жылдары Алматыда диверсанттармен қалай күрескен

Nur-Altay Umirzak

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты 5–9 мамыр аралығында «Еуразия» Бірінші арнасында «Аллигатор» атты көп сериялы фильмнің тұсаукесері өтеді

5–9 мамыр аралығында «Еуразия» Бірінші арнасында «Аллигатор» атты көп сериялы фильмнің тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл – Ресейдің «Первый канал» телеарнасымен бірлесіп жасалған, майданнан тыс жерде жүрген соғыс туралы жоба. Мұрағаттық деректерге негізделген бұл оқиғада Ұлы Отан соғысы кезіндегі Алматы жайлы баяндалады. Сол уақытта қалаға зауыттар, театрлар, киностудиялар көшірілген еді. Алайда осыдан кейін Алматыға Мәскеу, Киев, Харьков, Кишинев, Минск қалаларынан қалта ұрылары мен пәтер тонаушылар ағылды. Олардың арасында Станислав Говорухин түсірген «Место встречи изменить нельзя» фильміндегі қатыгез «Черная кошка» бандысының ұрылары да болды. Қазақстанның бай пайдалы қазбалар қорына Үшінші рейх тыңшылары да көз тіккен. Телехикаяда партия және шаруашылық басшыларына қастандық жасау, көшірілген өнеркәсіптік кәсіпорындарға лаңкестік ұйымдастыру және кеңес үкіметіне наразы адамдарды үгіттеумен айналысқан диверсанттарды жою операциясы туралы баяндалады.  

“ Бұл фильмде Қазақстанның жеңіске қосқан орасан зор үлесі туралы айтылады. Кеңес Одағының 528 батыры – сол еңбектің айқын дәлелі. Олардың ішінде үш нәзік жандылар да бар, олар майданға шақырылмағанымен, соғысқа өз еріктерімен аттанған. Бұл – отансүйгіштіктің теңдессіз көрінісі, оны ұмытпауымыз керек, – дейді «Еуразия» Бірінші арнасының бас директорының міндетін атқарушы Арман Құдайбергенов.

 Фильм өте қызықты, шытырман оқиғаға толы, шынайы болып шықты, ол өз көрерменін тауып, кейіпкерлердің айтқан сөздері қанатты сөздерге айналады деп сенемін. Телехикая режиссері – детектив пен әскери жанрлардың шебері Владимир Воробьев. Актерлік құрам да жаман емес: қазақ киносының аңызы, Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешева, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Татьяна Догилева, белгілі актерлер Павел Трубинер, Айдана Елемес, Дмитрий Астрахан, Ерболат Тоғызақов, Еркін Губашев, Алихан Кәрібаев, Азамат Нигманов.

«Аллигатордан» бөлек, мерекелік күндері телеарнада режиссер Леонид Белозоровичтің «Қасым» телехикаясы қайта көрсетілетін болады. Онда қазақстандық, ресейлік және украиналық актерлер – Қуандық Қыстықбаев, Александр Петров, Мария Луговая, Денис Беспалый, Александр Лыков, Владимир Гостюхин ойнайды. Кинокартинада Богдан Хмельницкий орденінің жалғыз қазақ кавалері, партизандық отрядтың қаһарман командирі Қасым Қасенов туралы баяндалады. Сонымен қатар, «Құрмет тақтасы» жобасы аясында Еңбек Ері, ҰОС ардагері, халық әртісі Юрий Померанцев туралы деректі фильм көрсетіледі.

Біз эфирімізде аға буын өкілдерінің ерлігімен қатар, жастардың қызығушылығын да ескереміз. Мысалы, отансүйгіштік, салт-дәстүрлерге құрмет, отбасылық құндылықтар мен қарым-қатынасты насихаттайтын танымал «Qos Like» жобасы соған дәлел бола алады. Көп адам бұл жобаны тым турашыл, ашық деп бағалайды, бірақ қазіргі заманда адамдар бұрынғыға қарағанда шындықты бірден бетке айтады. Телевизияның көңіл көтеру мен ақпарат тарату секілді қызметтерімен қатар, тағы бір маңызды миссиясы – жасампаздық. Соның арқасында арнамыз аудитория көрсеткіштері жағынан ғана емес, әлеуметтік желілердегі көрсеткіштеріміз бойынша да бірінші орында тұрған. Келесі маусымда біз жас таланттарды қолдау мақсатында «Жұлдызды жол» жобасын бастаймыз. Бұл жоба аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келген консерватория, музыкалық мектептер мен колледждердің оқушылары кәсіби талант-шоуда бақ сынайды. Олар классикалық және халық аспаптарында ойнап, ән шырқап, арнайы лагерьде бірге дайындалады. Біз әдейі эстрадалық-танымал музыканың шеңберінен шығып, классикаға басымдық беруді жөн көрдік. Мен бұл тың отандық телевизия жобасы сәтті шығады деп шын жүректен сенемін.