Қазақстандық өнерпаз «Әзербайжан дауысында» жартылай финалға өтті

Qaz365.kz редакциясы

Енді ол финалға шығу үшін күреседі. 

youtube.com/@TheVoiceofAzerbaijan

20 жастағы қазақстандық Санат Асуат «Әзербайжан дауысы-2025» музыкалық жобасының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды qaz365.kz.

Ширек финалда ол Жанар Дұғалованың «Ізін көрем» әнін орындады. Естеріңізде болса, қазақстандық әнші осы композициясымен 2014 жылы өткен Turkvision байқауында жеңіске жеткен еді.

Санат Атырау қаласының тумасы және қазіргі уақытта Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алып жүр. Ол – халықаралық музыкалық шоудың төртінші маусымында Қазақстаннан қатысқан жалғыз өнерпаз.

Бес іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен Санат жартылай финалға жолдама алды. Енді ол финалға шығу үшін күреседі. Өнерпаздың айтуынша, «Ізін көрем» әнімен сахнаға шығу оның өміріндегі ерекше сәттердің бірі болған, әрі бұл әнді үлкен шабытпен орындағанын жеткізді.