Өнер туындысын сотталушы мұражай қорына сыйға тартқан
Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №29 мекемесінде ерекше оқиға болды. Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай 70 жастағы сотталған ұлы ақынның портретін салып, оны мұражай қорына сыйға тартты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ен сілтеме жасап.
Автор бұл туындыны Абай мұрасына деген шексіз құрметінің белгісі ретінде бейнелегенін айтып, ақын шығармашылығының өзіне әрдайым шабыт бергенін атап өтті.
“Абайдың дана сөздері мені рухани тірекке жетеледі. Бұл портрет — менің жүректен шыққан алғысым мен бас иіп тағзым етуім”, — дейді ол.
Суретпен жұмыс істеу барысында автор өмірлік құндылықтарды қайта саралап, терең ойға шомғанын жасырмады. Бұл оқиға мекеме ұжымы үшін де айрықша мәнге ие болды.
“Адам қандай жағдайда болса да рухани өсуге қабілетті. Өнер — ішкі өзгерістің, тұлғалық қалыптасудың қайнар көзі. Бұл жай ғана сурет емес, бұл — өткен мен болашақты жалғайтын мәдени көпір”, — деп атап өтті мекеме бастығы Қуат Араонов.