Таластық бишілер халықаралық байқауда Супер Гран-при иегері атанды

Qaz365.kz редакциясы

Облыс әкімінің орынбасары өнерлі топтың мүшелерімен кездесті

Серік Сәлемовтің фейсбук парақшасы

Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық "Танцуй всей душой" хореографиялық байқауында әлемнің бірнеше елінен келген өнер ұжымдары бақ сынаған байқауда Талас ауданынан шыққан өнерпаздар топ жарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының “HUSTLE DANCE” би үйірмесі Грузия, Өзбекстан, Ресей, Түркия және еліміздің Астана мен Алматы қалаларынан барған 104 би топтарының арасынан үздік атанды.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов өнерлі топтың мүшелерімен кездесіп, сәттілік тіледі.

Айта кетейік, еліміздің атын шығарған “HUSTLE DANCE” тобы бұған дейін Алматы қаласында өткен Халықаралық «MEGA DANCE» Jas Daryn хореографиялық би конкурсында 3 жүлделі VIP-Гран при орынмен иеленсе, халықаралық «Бала шабыты» конкурсында ,ас жүлде, сондай-ақ халықаралык TALENTS OF KAZAKHSTAN (Казақстан таланттары) байқауында 1-орынды және халықаралық «The best» (Зэ БЭСТ) конкурс-фестивалінің «JAS DARUN» байқауында VIP-Гран при жүлдесін жеңіп алған.

Облыс басшылығы тарапынан жас таланттарды шыңдау мақсатында барынша қолдау көрсетіліп келеді.

Әлемдік деңгейде елдің атын шығарып, абыройын асқақтатын өрендердің көп болуы қуантады.