Димаш Қырғызстандағы фестивальде гонорардан бас тартты

Qaz365.kz редакциясы

Бұл жолғы сапардың ерекшелігі — Димаш Құдайберген ақысыз өнер көрсетеді

Фото: Facebook.com/Сұлтан Раев

Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қырғызстанның IV Халықаралық «Мейкин Азия» музыкалық фестиваліне қатысу үшін Чолпон-Ата қаласына барды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев әлеуметтік желіде хабарлады.

«2013 жылы “Мейкин Азия” байқауының алғашқы гран-при иегері фестивальге он екі жылдан кейін алғаш рет келіп отыр!» — деп жазды ол.

Биылғы сапардың ерекшелігі — Димаш өзінің өнер көрсетуі үшін гонорардан толықтай бас тартқан.

Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Тимурлан Ажымалиевтің айтуынша, әнші бұл фестивальде ақысыз өнер көрсетеді.

«Димаш бұл фестивальге жүрек қалауымен келіп отыр. Ол өз өнері үшін ешқандай гонорар сұраған жоқ», — деп мәлімдеді.

Әлемге танымал Димаш Құдайберген қазіргі қазақстандық шоу-бизнестің ең жарқын өкілдерінің бірі саналады. Оның фестивальге қатысуы — түркі әлемі елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған шараның маңызды оқиғаларының біріне айналды.