Димаш Құдайбергенге Қырғызстан ең жоғары атақты берді

Qaz365.kz редакциясы

Димаш Құдайберген фестиваль қонақтарының алдында концерттік бағдарламасын ұсынды.

Фото: culture.akipress.org

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергенге Қырғызстанның «Халық әртісі» атағы берілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы 22 шілде күні «Мейкин Азия» фестивалінің жабылу салтанатында белгілі болды.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген фестиваль қонақтарының алдында концерттік бағдарламасын ұсынды.

Әлемге танымал Димаш Құдайберген қазіргі қазақстандық шоу-бизнестің ең жарқын өкілдерінің бірі саналады. Оның фестивальге қатысуы — түркі әлемі елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған шараның маңызды оқиғаларының біріне айналды.