Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жердің топырағын жеткізді

Qaz365.kz редакциясы

Едіге Мағауин Қазақстаннан алып келген топырақ пен жусанды жазушының қабіріне салды

Фото әлеуметтік желіден

Вашингтонда жерленген қазақтың көрнекті жазушысы Мұхтар Мағауиннің қабіріне арнайы зиярат жасалып, туған жерінен топырақ жеткізіліп, Құран оқылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жазушының ұлы Едіге Мағауин әкесі жатқан орынға Абай облысы Шұбартау ауданындағы Босаға өңірінен әкелінген топырақ пен жусанды қабіріне салды. Бұл – жазушыны ата қонысымен символдық түрде байланыстыруды көздейтін қазақы дәстүр.

Зиярат рәсіміне Вашингтондағы Kazakh American Association мүшелері қатысып, Мағауиннің рухына тағзым етті.

Мұхтар Мағауин – қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі, тарихи романдары мен зерттеулері арқылы ұлттық сананың жаңғыруына үлес қосқан қаламгер. Ол бүкіл ғұмырын қазақ тарихын түгендеуге арнап, 27 том еңбек қалдырды.