Мәдениет министрі Аида Балаева қоғамда кең тарай бастаған «кэнсел мәдениетіне» (cancel culture) қарсы пікір білдірді. Оның айтуынша, мұндай құбылыс ең алдымен ел экономикасының тірегі саналатын шағын және орта бизнеске зиян келтіреді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
– Бәрін жоққа шығаруға тырысатын адамдарды қолдау дұрыс емес, – деді министр.
Журналистер «Бұл пікіріңіз елдегі сөз бостандығының шектелуімен байланысты емес пе?» деп сұрады.
– Жоқ. Егер бізде сөз бостандығы болмаса, сіздер менімен осылай еркін сұхбаттаса алмас едіңіздер, – деп жауап берді Аида Балаева.