Ол "Qazaqstan дауысы" телешоуында өнер көрсетті
Оралдағы нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы 14 жастағы Мөлдір Базарбай қазақстандықтарды дауысымен тәнті етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мөлдір Базарбай “Qazaqstan дауысы. Балалар” телешоуының “көрмей таңдау” кезеңінде сәтті өнер көрсетті. Қыз төрт тәлімгерді де өзіне қаратты.
Жас қазақстандық церебральды сал ауруымен ауырады, бірақ бұл оның музыкаға деген құштарлығына еш кедергі келтірмейді. Ол бос уақытында пианинода, домбырада, сазсырнайда ойнайды.
Талантты қыздың арманы – үлкен сахнада өнерімен жұртты таң қалдыру.
“Екі көзімнің көрмеуі – мен үшін өмірден түңілетіндей жағдай емес. Он екі мүшесі сау бола тұра, қолын бір сілтей салатын жандар бар. Бірақ мен ондай жандардың қатарынан емеспін”, – деді Мөлдір.
Ол өзінің тәлімгері ретінде Мархаба Сәбиді таңдады.