Тамара Асар «Қазақстанның халық әртісі» атағына ие болды

Qaz365.kz редакциясы
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі әнші Тамара Асарға, сондай-ақ мәдениет саласының көрнекті өкілдері Болат Әбділманов пен Шынар Жанысбековаға «Қазақстанның халық әртісі» атағын берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жоғары марапат мәдениет және руханият саласында айрықша еңбегі бар, ұлттық өнердің дамуына зор үлес қосқан тұлғаларға табысталды.

Президент мәдениеттің елдің рухани болмысы мен тәуелсіздігін айқындайтын маңызды құндылық екенін атап өтті.

– Мәдениет – ұлттың рухани дербестігінің кепілі. Сондықтан біз өмірін өнер жолына арнаған қайраткерлерге әрдайым құрметпен қараймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Тамара Асар – қазақ эстрадасының танымал әншісі, композитор және тележүргізуші. Ол өз шығармашылығында ұлттық музыкалық дәстүр мен заманауи стильді үйлестіріп, тыңдарман сүйіспеншілігіне бөленіп келеді.

Болат Әбділманов – театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көптеген тарихи фильмдер мен спектакльдерде басты рөлдерді сомдаған өнер иесі.

Шынар Жанысбекова – қазақ театр және кино өнерінің майталманы, сан қырлы сахналық образдарымен көрермен жүрегінен орын алған актриса.