Қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімов өмірден өтті

Qaz365.kz редакциясы

«Транссібір экспресі», «Атаманның ақыры», «Қыз Жібек», т.б фильмдерде сомдаған рольдері арқылы халықтың сүйіспеншілігіне бөленді

Ашық дереккөздерден

89 жасқа қараған шағында қазақ өнерінің абыз ақсақалы, белгілі актер Асанәлі Әшімов КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімов өмірден өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қаралы хабарды Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының баспасөз қызметі растады.

«Транссібір экспресі», «Атаманның ақыры», «Қыз Жібек», т.б фильмдерде сомдаған рольдері арқылы халықтың сүйіспеншілігіне бөленген актердің бейнесі өнерсүйер қауымның жүрегінде мәңгі сақталады.

Qaz365.kz ұжымы өнер тарланының қазасына байланысты отбасына және тума-туыстарына қайғыра көңіл айтады.