Президент Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Qaz365.kz редакциясы

Көптеген образдарды шебер сомдаған актер көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді

akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мемлекет басшысы аңызға айналған тұлғаның дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

– Асанәлі Әшімов бүкіл саналы ғұмырын театр және кино саласына арнап, төл мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты. Ол көптеген образдарды шебер сомдап, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Cахна саңлағы әрі кәсіби киногер ретінде соңына өшпес із қалдырды. Жас өнерпаздарға бағыт-бағдар беріп, рухани сабақтастықтың сақталуына зор еңбек сіңірді. Өрелі өнердің туын биік ұстап, өнегелі ғұмыр кешкен Асанәлі Әшімовтің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде сақталады, – деп жазылған жеделхатта.